Павлодар облысы – тұрғындарды өзара татуластыру рәсімі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген аймақтардың бірі. Мұндай жетістікке жетуде билер кеңесінің маңызы зор. Ендігі ретте бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жандана түспек. Бүгін аталмыш кеңес тиісті меморандумға қол қойды.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ең жоғарғы кеңесші орган болған билер жұмысы қайта жанданып келеді. Қазір билер кеңесі медиация қызметін атқарып, сот ісіне үлкен септігін тигізіп отыр. Құрылымның мақсаты – ел бірлігі мен татулығын сақтап, дауларды соттан тыс шешу. Павлодардағы кеңес 2019 жылдан бастап 7 мыңға жуық іс қараған. Олардың 60 пайызы тараптардың бітімге келіп, татуласуымен аяқталды.
Әбжан Шахматәлінов, билер кеңесі төрағасының орынбасары:
Бүгін, міне, біз үлкен мәселе қарадық. Мына билер жұмысы деген қазақ халқымыздың 500 жыл бұрын бастаған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің жалғастырып, осы бүгін іс-шараны, меморандум өткіздік. Біз бұрын қалалық соттық төрағасымен ғана жұмыс істегенбіз. Енді біз осы жолы үш сотты шақырдық. Экономический сотты шақырдық бастығын, одан кейін жаөспірімдер сотын шақырдық. Енді үш соттың жұмыстарын бәрін бірге қарастырып, бізге жіберіп отырады.
Облысымызда билер кеңесі 4 жыл бұрын құрылған. 2019 жылдың 11 сәуірінде алғашқы меморандум өтіп, 60 мың ардагердің ішінен 22 адам кеңеске мүше болып таңдалды.
Рашид Бектеміров, билер кеңесінің мүшесі:
Біздің қазақ қоғамында, қазақ хандығымызда ертеден келе жатқан қоғамымызда ешқашан сот, прокуратура, абақты деген болмаған. Сондықтан біз осы институт... билер институтын жаңғыртып, бүгін меморандумға қол қойдық.
Қадыр Әжмұратұлы, билер кеңесінің мүшесі:
Бүгін қаламыздың қоғамдық өмірінде ерекше бір оқиға болды. Алғашқы рет ресми түрде ынтымақтастық пен өзара келісімге меморандумға қол қойылды. Сондықтан да мен құттықтаймын, соған сенемін.
Меморандумға қол қою шарасына Павлодар қаласының әкімі Ержан Бейбітұлы және сот төрағалары қатысты.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар қаласының әкімі:
Өз тарапымыздан біз билер кеңесін қолдауға дайынбыз.Істеріңізге тек қана береке тілеймін Павлодар қаласының әкімі.
Билер кеңесінің өкілдері адамдарды татуластыру арқылы игі іс атқарып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстары қазіргіден де нәтижелі болмақ.
Жұлдыз Қабылденова