Павлодарлық жылдамдық асырушы бір аптада бес рет жылдамдық режимін бұзған. Енді оған 270 мың теңге айыппұл салынады. Облысымызда жыл басынан бері ғана жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша салынған айыппұлдың сомасы 415 миллион теңгеге жеткен.
Көлік жүргізушілері жиі бұзатын ережелер – жылдамдықты шектеу, бағдаршамның тыйым салу белгісіне өту және жол бойында көліктерді орналастыру тәртібі. Жыл басынан бері Павлодар-Астана тас жолында 12 жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде, 16 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. Апат себебі – жылдамдықты шамадан тыс асыру болған. 24 тамыздан бастап, жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «ЗЕРЕК 2» кешені енгізілген. Бұл – көлік жылдамдығын автоматты түрде белгілеу функциясы бар камера. Соның арқасында бірнеше жылдамдық асырушылар анықталған.
Жаскайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:
Тек 10 күн ішінде ЗЕРЕК 2 жүйелерімен көлік құралдарының жүргізушілерінің жылдамдықтарының асыруымен 1627 фактісі тіркелді. Олар бойынша бұзушылар тағы жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам орындауға нұсқама жіберілді. Мысалы, ағымдағы жылы 24-29 тамыз аралығында Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізуші камералардың өзіне 5 рет түсті. Қазір оған 592-бап бойынша нұсқама жіберілді. Енді жылдамдықтың әуесқойына 276 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді.
Ақмола облысының шекарасына дейінгі автожол бойына барлығы 3 кешен орнатылған. Айта кету керек, бұл жолдағы жылдамдық сағатына 140 шақырымға дейін шектелген.
Жұлдыз Қабылденова