Павлодарда «Мейірбике ісіндегі білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы» атты бірінші облыстық форум өтті. Кездесу барысында медбикелер жұмысындағы өзекті мәселелер қозғалды. Медицинца қызметіне еңбегі сіңген тәжірибелі қызметкерлер марапатталды.

Форумға жас мамандар, студенттер, орта медицина қызметкерлері мен тәжірибелі тәлімгерлер қатысты. Жиынның негізгі мақсаты - оқу орындары мен медициналық ұйымдар арасында бірлескен қызметті күшейтіп, орта буын медицина мамандарын даярлау.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 «Жасыратыны жоқ, денсаулық сақтау саласында медбикелер және олардың кәсібилігі мен науқастарға деген қарым-қатынасы үлкен маңызға ие. Бұл мамандыққа кездейсоқ адамдар келмейді. Бұл қиын саланы жауапкершілігі жоғары мамандар ғана атқара алады. Жиналғандар қатарында колледж студенттері де бар. Олар екі жылдан кейін практикалық іс-шараларға қаты бастайды. Бұндай шараларға қатысып, белсенділік танытуларыңыз өте маңызды»

Кездесу аясында Денсаулық сақтау жүйесінде 30 жылдан астам еңбек өтілімі бар тәжірибелі орта медицина қызметкерлері марапатталды. Майкен Махметова – бірінші қалалық аурухананың травматология бөлімшесінде жұмыс жасайды. Форумда көпжылғы еңбегі еленіп, Құрмет грамотасына ие болды.

Майкен Махметова, № 1 Павлодар қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінің медбикесі:

 «Бүгін облыс әкімі атынан Құрмет грамотасымен марапатталдым. Медбикенің жұмысы шынымен оңай емес. Еңбегімізді бағаланғаны үшін рақмет айтқым келеді. Өскелең ұрпақ, болашақ мамандар үшін үлгі бола білдік деген сенімдемін»

Конференцияның салтанатты бөлімінен кейін мамандар ғылыми жұмысқа кірісті. Көпшілік алдында 5 баяндамашы сөз сөйледі. Олар өз баяндамасында мейірбике ісіндегі білім, ғылым және практика сияқты форумның барлық аспектісін қозғады.

Әсия Жұмағалиева, Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушысы:

 «Колледжде білім алудан басталып, бұл практикалық базаларда қалай қалыптасады және оларды жұмыс орындарында қалай қолданады. Бұл біз қол жеткізіп отырған Үшбірлік бағдарламасы, мейірбике қызметкерлерінің жұмысын жақсарту, сондықтан медбикелер тек медициналық тағайындауларды орындаушылар емес. Ал лауазымына сәйкес толық құзыреттілікке ие болды. Олардың 7 олардың барлығы бізде түлектерін оқытудан бастап жұмысқа орналастыруға дейін бақыланады

Форум еліміздегі мейірбикелік қызмет аясындағы мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды. Жиында жас мамандарды даярлау, жұмыс барысында кездесетін мәселелердің шешімдерін талқылады.

Гүлжан Елтаева, денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы:

 «Бұл форум мамандарға тәжірибе алмасып, білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Біздегі мақсат - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету көрсеткіштерін жақсарту»

Бүгінде облыстың мемлекеттік медициналық мекемелерінде 5 мыңнан астам орта медицина қызметкері бар. Ал, жеке ұйымдарда 1700 астам медибке қызмет етеді.

Ақмаржан Қалымбек