Павлодарда «Парасат» оқырмандар клубы ашылды
Павлодарда «Парасат» оқырмандар клубы ашылды. Облыстық кітапхана төрінде клубтың алғашқы отырыс өтіп, оқитын кітаптар тізімі бекітілді. Бөліп айтары, кітап оқуда белсенділік танытып, ойының ұшқырлығымен озған оқырмаға клубтың әр отырысында қаржылай сый табысталады.
Қазіргі уақытта елімізде кітап оқитын зияткер ұлтты қалыптастыру жолында мемлекеттік деңгейде іс-шаралар жасалуда. «Парасат» клубы бұл бастамаға үн қоспақ. Жобаны «Жебе» қоғамдық бірлестігі мен облыстық кітапхана бірлесіп қолға алған.
Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
Сіздер бас болып, арттарыңыздан жастар еріп, жастарды көріп оқушылар да қызығушылық танытса, осы клубтың арқасында кем дегенде 2-3 бала кітап оқуға ден қоятын болса онда сіздің де, біздің де жетістігіміз деп білемін. Ұзағынан болсын!
Клуб екі апта сайын отырыс өткізіп, оқыған кітапты талқылайды. Жай талқыламайды, үздік оқырманға ақшалай сый табыстайды.
Оразбек Саяхат, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Өздеріңіз білесіздер, қазіргі уақытта күйбең тіршілікпен күнделікті жұмыстан кейін еріншектікке бой алдырып, кейде бастаған іс жолда қадып жатады. Осындайға жол бермес үшін адамға мотивация керек. Соныдақтан да кітап оқитын клуб мүшелерін жігерлендіру үшін қаржылай жүлде тігіп отырмыз. Яғни, клубымыз екі аптада бір кітап оқып отырыс өткіземіз. Кітапты талқылау барысында өзінің белсенділігін көрсеткен, кітапты ашық талқылай білген адамға арнайы қаржылай жүлдеміз берілетін болады.
Клубтың алғашқы ашылу отырысына келген зиялы қауым өкілдері кітап оқу жолындағы осынау бастамаға сәттілік тіледі. Қазіргі уақытта 30 ға жуық адам алубқа мүше саналады. Жобаға ат салысуға оқырмандарды тарту жұмыстары әрмен қарай да жалғасады.
Оқитын алғашқы кітап ашылу шарасына келгендердің дауыс беруі арқылы таңдалды. Көпгіліктің таңдауы, Дулат Исабековтың «Қарғын» романына түсті.