Негізгі Жаңалықтар Улы газ датчиктері орнатылды

Улы газ датчиктері орнатылды

Аққулы ауданы

Күн суып, жеке тұрғын үй секторында пеш жағу басталды. Бұл кезеңде қауіпсіздік шаралары өте маңызды. Себебі қыс уақытында газдан улану фактілері көбейеді. Алдын алу мақсатында аудандар да жұмыс қарқынды жүргізілуде. 



Аққулы ауданында иіс газынан уланудың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Төтенше жағдайлар бөлімі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, тұрғын үйлерге улы газ датчиктерін орнатып жатыр. 

Улы газдың түсі де, иісі де болмайтынын ескеру қажет. Сондықтан оның бар екенін адам дер кезінде анықтай алмайды. Ал жарамды датчик қауіпті жағдай туындаған кезде дыбыстық белгі беріп, тұрғындарды дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар мамандар пештерді, мұржаларды және желдету арналарының жағдайын үнемі тексеріп отыру қажет, дейді. Олардың бітелуіне жол бермей, жағылып тұрған пешті қараусыз қалдырмау керек . 


Самал Қалиқызы



Бөлісу