Негізгі Жаңалықтар «Үздік мақала» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Үздік мақала» байқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодар облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында алғаш рет «Үздік мақала» байқауы өтті. Қатысушылар өз еңбектері арқылы заңдылық, азаматтық жауапкершілік және адалдық мәселелерін көтерді. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жастар марапатталды.


Облыстық байқауға Павлодар өңірінің қалалары мен аудандарындағы жоғары оқу орындары мен колледждерден 30 ға жуық студентттің жұмысы келді. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайту тақырыптарында мақала жазды. Жұмыстар төрт арнайы аталым бойынша бағаланды. Сонымен қатар үздік үш мақала анықталды.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы

Әр жұмыста жастар өздерінің жемқорлыққа көзқарастарын жетік көрсете білді. Әсіресе, өздерінің орталарында, жастар арасында осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті отбасыдан бастау керектігін, отбасылық институтты әрі қарай дамытып, жемқорлық тақырыбын үйлестіре білді. Әрбір жұмысты саралау үшін, шешім қабылдау үшін қоғам белсенділер қатарынан, журналистика саласы қатарынан, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті қатарынан өкілдер қатысты. Әділқазылар бірегей шешіммен бүгінгі күні бізде 7 жүлдегер бар.

Қатысушылардың еңбектері мазмұны мен көтерген мәселелеріне қарай сараланды. Мақала жариялау үшін бір ай уақыт берілді. Байқаудың негізгі жүлделері де өз иелерін тапты. Бірінші орынды жоғары педагогикалық колледждің студенті Диана Мүбәракова иеленді.

Диана Мүбәракова, студент

Мақаламда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие бала кезден басталуы керек деген ойды жеткіздім. Оны жазуға бір аптадай уақыт кетті. Бұған дейін де үш мақалам жарық көрген. Бұл жолғы жұмысымды болашақ педагог ретінде балаларға арнадым. Адалдық пен әділдікті дәріс арқылы емес, өмірлік мысалдармен түсіндіру жолдарын көрсеттім. Байқауда бірінші орын алып, дипломмен марапатталдым.

Студенттер өз мақалалары арқылы маңызды тақырыптарды көтеріп, азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алды. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және ақшалайп сыйлықтармен марапатталды.


Сабина Жолдаспаева


Бөлісу