«Жасыл ел» жасағы еңбек маусымын аяқтады
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жиырма екінші маусымы мәресіне жетті. Осыған орай облыс орталығында салтанатты жиын ұйымдастырылып, жаз бойы белсенділік танытқан үздіктер марапатталды. Толығырақ – алдағы сюжетте.
Іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова құттықтау сөзінде ол «Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың өмір салты мен дүниетанымын өзгертетінін атап өтті. Сондай-ақ бұл идеология тазалық пен ұқыптылықты, заң мен тәртіпті насихаттайтынын, ал «Жасыл ел» сарбаздары экомәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісі екенін жеткізді.
Павлодар облыстық штабы республикалық деңгейде «Үздік штаб» атағын иеленді. Бұл жетістік – жасақ қатарындағы жастардың күн сайын атқарған жұмысының нақты нәтижесі.
Арина Краскова, облыстық «Жасыл ел» штабының директоры
Бұл еңбек маусымы бізге белсенді де жалынды сарбаздарымызбен, командирлерімізбен есте қалды. Биыл «Жасыл ел» құрамында болуға ниет білдіргендер көп болды. Бұдан бөлек біздің осы уақыт ішінде атқарға игі істерімізді, қатысушыларымыздың қуанышқа толы жүздері мен өңіріміздің экологиясын қорғауға қосқан үлесімізді де атап өту керек. 01.28 ++++++++++ 00.29 Біз «Таза Қазақстан» идеологиясына аса көңіл бөлдік. Оның аясында экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаға жауапкершілік танытуға бағытталған іс-шаралар өткіздік.
Биылғы еңбек маусымында өңірімізде 120 желілік жасақ құрылып, шамамен 2 мың жас жұмыспен қамтылды. Қорытынды жиында маусым бойы ерекше көзге түскендер диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды. «Үздік сарбаздардың» қатарында Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылының тұрғыны Роман Назаров бар.
Роман Назаров, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшесі (Ақтоғай ауданы)
Жасыл ел» сапында еңбек ету өте қызық әрі мүлде жалықтырмайды. Мұнда әрдайым жұмыс табылады, жастардың жаңа достар табуына және жан-жақты дамуына мол мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар жастар еңбегі арқылы қаржылай да пайда көре алады. Шынымды айтсам, ерекше көзге түсуді мақсат етпедім. Жай ғана өз міндетімді атқардым. Мүмкін, барымды салып жұмыс істеген шығармын. Бірақ бәріміз бірдей тер төктік деп санаймын. Биыл бірінші рет жұмыс істедім, келесі маусымда міндетті түрде қайтадан қатысамын. Себебі маған өте ұнады.
Жасыл елдіктер қоршаған ортаға пайдасын тек көгалдандыру мен абаттандыру арқылы тигізген жоқ – олар нысандардың құрылысы және қалпына келтірілуіне де атсалысты.
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламаны да қамтыды. Өнерпаздар сахна төрінде әсем әндерін шырқап, жиналғандардың мерекелік көңіл күйін одан әрі көтерді.
Жұлдыз Қабылденова