Негізгі Жаңалықтар Қос өңір журналистері тәжірибе алмасты

Қос өңір журналистері тәжірибе алмасты

Ақпарат саласындағы әріптестік -тәжірибе алмасудан басталады. Петропавл қаласындағы «Қызылжар» телеарнасының өкілдері Павлодарға жұмыс сапарымен келді. Әріптестер әуелі «Ертіс» телеарнасының жұмысымен танысты. Сапардың екінші күнін болашақ журналистермен кездесуге арнады. «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында оқушыларға шеберлік сағатын өткізді.


Қазақстан Республикалыцқ Телерадиокорпорациясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры мен режиссері екі күн бойы «Ертіс» телеарнасының жұмыс барысын көріп, ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты. Ал «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында жас тілшілермен кездесіп, журналистиканың қыр-сырымен бөлісті.

Разия Ыдырысбаева, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры

Күні бойы барлық студияларды аралап, біздің режиссеріміз тікелей эфирге де шықты. Бәрін көрдік. Сіздерден үйренеріміз көп. Филиалдардың арасында ұнататын жері бір-бірімізге бәсеке емеспіз, біз доспыз, әріптеспіз. Тәжірибемен молынан бөлісеміз. Аларымыз мол. Бүгін екінші күн осы Алтын сақа инновациялық шығармашылық орталығына келіп тұрмыз. Аралап шықтық, көрдік. Бұл жерде де журналистер клубы бар екен. Қазір кішігірім мастер класс өткізуге дайындалып тұрмыз.

Кездесу барысында оқушылар өздерінің медиа жобаларын таныстырып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Қонақтар жас тілшілерге журналист мамандығын таңдаудың ерекшеліктерін түсіндірді. Оқушылар да қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер алды.

Гүлзия Абельдинова, 11-сынып оқушысы

Бүгін бізге күшті мастер класс өткізді. Журнаистикаға қалай келетіні туралы айтты. осы оқиға үлкен маңыз әкелді. Қызықты болды. Алтын сақаның жобаларымее таныстырдық, қандай тілде жүргізетінімізді айттық. Таңғалды әрине. Маған бәрі ұнады.

Екі күнге созылған тәжірибе алмасу шарасы өңірлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. «Алтын сақа» орталығындағығы «Ертіс» телеарнасының медиамектебіндегі жүздесу қонақтар үшін де, болашақ журналистер үшін де пайдалы болды. Мұндай басқосулар өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа идеяларға жол ашуға ықпал етеді.


Сабина Жолдаспаева




Бөлісу