Негізгі Жаңалықтар Оқушылар ұлттық ойын түрлерінен жарысты

Оқушылар ұлттық ойын түрлерінен жарысты

Республика күніне орай Малайсары батыр атындағы білім ошағында ұлттық құндылықтар ұлықталды. Нақтырақ айтсақ, білім ошағында облыстық ұлттық ойындар фестивалі ұйымдастырылды. Оқушылар қандай спорт түрлерінен сынға түсті? Үздіктер қалай марапатталды? Әріптесім баяндайды.


Бұл фестиваль – жыл сайынғы дәстүрге айналып келе жатқан жарыс. Бұған дейін екі мәрте қалалық деңгейде өткеен жобаның биыл ауқымы деңейіп, облыстық деңгейге көтерілді. Басты мақсат – ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттау және шалғай ауылдардағы жас жеткіншектерді де осындай спорттық бәсекелерге белсене қатыстыру.

Азамат Сыздықов, Малайсары батыр атындағы ЖОББМ директоры

Біздің ұстаздарымыз – осы ұлттық ойындарды ең бірінші осы қала деңгейінде бастаған мұғалімдердің бірі. Ол садақ ату, асық ату және басқа да ұлттық ойындарды дамыта бастаған және республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Біздің мақсат – соны тек мектеп арасында емес, қала, облыс арасында тарату. Биыл енді облыстық деңгейге шықып, «Алтын сақа» орталығымен бірлесіп ұйымдастырып едік.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қатысушылар түгел жинала алмады. Соған қарамастан, дода тартысты өтті. Оқушылар асық ату, бес асық, ләңгі тебу, садақ ату және таяқ тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Қала-аудандар командаларының әрқайсысы бес оқушылан жасақталды.

Саят Қизат, жарыстың бас төрешісі

Жас ерекшелігіне байланысты олар бөлінген сыныптар бойынша. Команда құрамында – үш ұл бала және екі қыз бала. Бес асық және асық атуда – сегізінші сыныптар, дәстүрлі садақ атуда – бесінші сынып қыз балалары, ләңгі тебуде алтыншы сынып қамтылған және мас-рестлингке 9-11-сынып оқушылары қатысады.

Облыстық жарысқа іріктеуден сүрінбей өткен үздіктер ғана қатысуда. Осылайша, сайысқа жаттықтырушыларымен бірге ең епті, мықты және мерген балалар келді.

Айдос Жылқышиев, Железин ауданы білім беру бөлімінің дене шынықтыру және бастапқы әскери даярлық бойынша әдіскері

Екі күн дайындық өтті жоғары деңгейде. Бүгін өзімнің оқушыларыма сенімдімін жүлделі орын алып кетуге. Маңызы жақсы. Неге? Өйткені балаларды ұлттық спорт түріне дайындау, асық ату, бес асық сияқты ойындарды дамыту керек бізде Павлодар облысында да, Қазақстанда да. Оның ықпалы жақсы. Мен де, Алла жазса, келесі жылы ауданда өткізсем де деп жатырмын облыстық осындай жарыс. Ұлттық ойындардың басқ түрлері көп қой.

Жеткіншектердің өз күші мен қабілетіне деген сенімі жоғары. Олардың әрқайсысы тек жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат еткен.

Бәсеке қорытындысы бойынша үздік деп танылған балалар облыстық білім басқармасының алғыс хаттары, арнайы командалық кубоктар мен медальдарға ие болды.

Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу