«Жастар! Бірлік! Болашақ!»
Республика күні қарсаңында шаһарымыздағы №41 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде «Жастар! Бірлік! Болашақ!» атты V мерейтойлық патриоттық форум өтті. Тағылымды шара барысында жас буынды бірлікке үндеп, отансүйгіштік құндылықтар дәріптелді. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Форумға қоғам қайраткерлері, спорт және білім саласының өкілдері қатысты. Қонақтар жастарға патриотизм, табандылық пен еңбекқорлықтың маңызы туралы айтып, оқушылардың жігерін ынталандырды. Сонымен қатар форум аясында шығармашылық жобалар көрмесі, пікірталас алаңы және мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды.
Айта кетсек Бес жылдық тарихы бар патриоттық форум барысында оқушылардың осы жылғы жетістіктері де бағаланып өтті.жыл қорытындысы бойынша 200 ге жуық оқушы республикалық және халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып , оларға арнайы мадақтама қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары да табысталды.
Форум жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. «Жастар! Бірлік! Болашақ!» бастамасы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ынтымаққа және биік мақсаттарға ұмтылуға үндейді.
Салтанат Бауыржанқызы