Негізгі Жаңалықтар «Taza start» экологиялық марафоны өтті

«Taza start» экологиялық марафоны өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Taza Start» экологиялық марафоны өтті. Іс-шара барысында волонтерлер арнайы фильм тамашалап, өз жұмыстарын сырттай бақылау мүмкіндігіне ие болды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Іс-шараға Павлодар қаласының әр ауданынан келген оқушылар мен жастар қатысты. Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында түсірілген фильмді тамашалап, оның мазмұнымен танысты. Кездесудің басты мақсаты – тазалық ұғымының тек қоршаған ортамен шектелмейтінін, оның адамгершілік пен ішкі мәдениетке де тікелей байланысты екенін түсіндіру.

Арман Искаков, ерікті

Негізінде бұл іс шара таза қазақстан акциясына байланысты іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Павлодар қаласының түкпір түкпірінен оқушылар келіп таза қазақстан акциясы аясында фильм көрсетіп. Филльм қаралымы өтіп жатыр. Бұл фильмде таза қазақстан тек тазалық емес адам жан дүниесіне байланысты екенлдігінің дәлелі. Бірі. бұл фильмнің көрсетілу уақытында біздің жастар фильмнен не алды. Не жайлы болды сол жайл талқылаймыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың атқарып жүрген жұмыстарына басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Фильм арқылы олар өздерінің қоғамға қосып жүрген үлесін бағамдап, ел болашағына бейжай қарамаудың маңызын түсіне алады.

Арман Искаков, ерікті

МЕНІҢ ОЙЫМША ЖАСТАР ОСЫНДАЙ ІС ШАРАЛАРМЕН ТЕК ЕЛДІ ТАЗА ЕТПЕЙ, БЫЛАЙША АЙТҚАНДА ЕЛІМІЗГЕ ОЛАРДЫҢ БӘРІБІР ЕМЕСТІГІН ДӘЛЕЛДЕЙДІ. Егерде осы уақытқа дейінолар өзлер атсалысып қатысса, бұл кезде олар өздеріне сырттан қарай алады. Қазақстанға қандай үлес қосып жатқандарын көре алады деп ойлаймын.

Көрсетілімнен кейін қатысушылар фильмде көтерілген мәселелерді талқылап, өз ойларын ортаға салды. Жастарда фильм барысында экологиялық жауапкершіліктің күнделікті өмірден басталатынындығына тағы бір мәрте көз жеткізгендігін айтты.

Нұрсұлу Нұрлыбаева, студент

Таза қазастан акциясы барысынщда кино көрдік. Маған қатты ұнады. Бұл біз үшін өте маңызды. Мен үйде қоқыс сұрыптаймын. барша жастарды акцияны қолдауға шақырамын.

«Таза Қазақстан» бастамасы табиғатты қорғаумен қатар, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ал жастардың осындай шараларға қатысуы экологиялық сананы арттырып, игі істерге деген қызығушылығын нығайтады.

Салтанат Бауыржанқызы



Бөлісу