Өңірімізде тағы жол ақылы болмақ. Көлік министрі «Республикалық маңызы бар Павлодар – Қалбатау жалпыға ортақ пайдаланудағы автомобиль жолы учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойды.

Республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшаған тас жолының Павлодар-Семей-Қалбатау учаскелері ақылы болады. Ақылы жолдың жалпы ұзындығы 453 шақырымды құрайды. Жолды ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл. 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2626 теңге. 15 тоннадан жоғары жүк көліктері үшін – 3283 теңге. 16 орындық автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 656 теңге төлеу қажет. 32 орындық автобустар және 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 1313 теңге,

32-ден астам орынды автобустар мен тиеу сыйымдылығы 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 1969 теңге.

Бұл ретте ақылы жол учаскесімен іргелес, күнделікті жүретін көлік құралдары үшін арнайы тариф енгізілген. Оны бір жылда немесе ай сайын төлеуге болады. Осылайша, ай сайынғы төлем құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін. Ал, жылдық ақы көліктердің жүк көтеру көлеміне байланысты 12 ден 60 АЕК мөлшерінде болмақ. Бұйрық 2023 жылғы 8 қазанда күшіне енеді.

Жанасыл Серікбол