18 қазан - Рухани келісім күні. Елімізде 30 жыл аталып келеді. Мереке төнірегінде жыл сайын өңірде рухани басқосулар мен жиындар ұйымдастырылады. Биыл да бірқатар шара легі өткізілмек.
Тәуелсіздік алғалы елімізде бірегей көпконфессиялы саналуандылық қалыптасқан. Бұл арқылы түрлі дін өкілдері бір шаңырақ астында береке-бірлікте өмір сүріп келеді. Бүгінде Павлодар облысында 166 діни қауым ресми тіркелген.
Бірлік – берекенің бастауы. Бұл ретті халықты жақсылық пен ізгілікке шақыратын дін өкілдерінің маңызы ерекше.
Рухани қауымдастық өкілдері өңірде өткізілетін қоғамдық шараларға белсенді қатысып келеді. Жиындарда рухани тәрбие, діниаралық келісім мәселелері талқыланады. Қоғамның қозғаушы күші – жастар арасында да діни тәрбие жұмыстарын да жүргізеді.
Дін қызметшісі Артемий, Қазақстан православие шіркеуі павлодар епархиясының бөлім басшысы:
Православие шіркеулері әрқашан әлемнің тыныштығы үшін дұға етеді. Біз әрқашан барлық іс-шараға қатысуға тырысамыз. Жастар съездеріне де, мемлекеттік іс-шараларда да бой көрсетуге тырысамыз. Барлығымыз араңдатушылықтан аулақ болғанымызды қалаймын. Бұндай жайсыздықтарды тек бір-бірімізге деген сүйіспеншілікпен, төзімділік және құрметпен жеңе аламыз. Қуанышқа орай, біздің елде бұл бар. Бұл қалыптан таймай, берекемізді сақтауымыз керек.
Рухани келісім күні облыстың қала-аудандарының барлығында атап өтіледі. Орта мектептерде тақырыптық сабақтар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру дәстүрге айналған. Қалалық, аудандық кітапханаларда кездесулер өтеді. Биыл да бірқатар шара легі ұйымдастырылмақ.
Ақмаржан Қалымбек