Ақсу қаласына қарасты Ребровка ауылында салынып жатқан сут-тауар фермасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Онда нысанның шығарындылары мен экологиялық жайы сөз етілді. Жиынға жергілікті тұрғындар да қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.
2018 жылы Алғабас ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің 2 мыңнан астам гектар жерін конкурс арқылы «Кронос-Павлодар» ЖШС алған. Өткен жылы күзде жайылым жерде сүт-тауар фермасының құрылысы қолға алынған. Құрылысы жүріп жатқан кәсіпорын мамандары нысанның экологиялық жағдайы мен шығарындылар жобасы бойынша ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді.
Дмитрий Мерзонов, Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің экологиялық бөлім бойынша әзірлеуші:
Кәсіпорынның шығарындылары құрамында аммиак, күкіртсутек, метан, жүн шаңы сияқты компоненттер басым. Олардың жалпы көлемі 70 пайыздан асады. Яғни, бұл төрт түлік шығарындылардың стандартты жиынтығы. Қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін иістерді азайту үшін жаңа технологиялар қолданылады. Шығарындылар санитарлық қорғау аймағының шекарасында рұқсат етілген шегінде ғана болмақ. Тоннажы 67 тонна. Санитарлық қорғау аймағы біздің сүт фермасында 1000 метрде орнатылған. Санитарлық қорғау аймағында тұрғын үйлер жоқ, яғни бұл толығымен бос аумақ. Ең жақын аймақ-1,5 км жерде орналасқан
Қоғамдық келісімге жергілікті халық та қатысты. Ферманың құрылсы басталғалы жергілікті бұқара төрт түлік малын жайылымға шығара алмай отырмыз деп шағымданған. Бүгінде халықтың ойы екігі бөлінді. Бірі аталған жоба ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге сеп болады десе, енді бірі жайылым жердің инвесторға өтуіне әлі де наразылық білдіруде.
Гүлжазира Какиева, ауыл тұрғыны:
Бұл туралы әңгіме алдында да естігенбіз. Ребровка ауылының тұрғындары да бірнеше рет өтініш жазып, қарсылықтарын білдірді. Бірақ ешқандай амал қолданылған жоқ. Қалай салынды солай салынып жатыр. Ешкімді тыңдаған да жоқ. Әрине бәріміз қарсымыз. Мал ұстағаннан кейін мал жаятын жер керек қой. Мал жайылымы жоқ. Анау жақта Қызылжар савхозы, мына жаққа келсек Қамзин қосылып кетеді. Халық уайымдады әрине. Сол үшін арыз да жазды. Әрине мен қарсымын.
Жолдасбек Ибраев, ауыл тұрғыны:
Осы ауылда барлығы мал шаруашылығымен айналысады. Осындай сүт фермасын салуға біз үзілді кесілді қарсымыз. Өйткені мал жаятын жер аз және ондай ірі шаруашылық болғанымен олар басқа жерде де салуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан біз сол алыс джерде салғанын қалаймыз
Ал жергілікті билік ауыл тұрғындарының алаңдауына негіз жоқ екенін айтады. Қазіргі уақытта әкімдік тарапынан 14 мың гектар жайылым жерді беру бойынша жоба әзірленуде. Желтоқсан айында толық дайын болады, дейді жауаптылар.
Амангелді Рүстемов, Қанаш Қамзин ауылдық округінің әкімі:
«Биыл шынымен де қиындықтар болды. Халықтың мал жаюға арналған учаскесі ұзақ уақыт белгіленбеді. Қазір біз 1200 гектар жайылым жерді Ребровка ауылына ресімдеп жатырмыз. Оған қоса Қаракөл ауылы үшін 200 гектар жер рәсімделеді. Сондықтан келер жылы ешқандай мәселе туындамайды деген үміттемін.»
Жалпы ребровка ауылы бойынша 88, ал Қаракөл бойынша 42 бас ірі қара бар. Ауыл әкімдігі инвестормен халықтың мал жаюына арналған жерді жақсартуға уағдаласыпты.
Ақмаржан Қалымбек