Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады. Мәжілісте қаралған білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң жобасында осындай норма бар. Құжатта оқушылардың қауіпсіздігіне және мектеп құрылысна қатысты мәселелер де қаралған.
Оқушы сабақ үстінде білім алуы керек. Заң жобасын таныстырған Асхат Аймағамбетов құжаттағы әр норманы толық түсіндірді. Оқушы смартфонын тек мұғалім сабақ жоспарына сай рұқсат еткен кезде ғана пайдалана алады. Сабақтан тыс уақытта немесе үзіліс кезінде ешқандай шектеу жоқ.
Асхат Аймағамбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
Бұл нақты талап. Бұл жерде нақты заңда жазылып тұр. Сабақтың үстінде, 45 минут сабақ өте ме сол сабақтың үстінде бала сабақ оқу керек. телефонын рюгазгына салады. Қолданбайды. Ата аналар көп уақытта осындай мәселемен келіспей жататыны бар. Енді нақты заңда міне көрсетілген. Сондықтан мен рұқсат бермеймін сабақтың үстінде деп айта алады.
Енді мектеп, балабақша немесе емханасы жоқ аудандарда тұрғын үй салуға рұқсат берілмейді. Кез келген жаңа ауданда алдымен әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігі үшін көпқабатты ғимараттардың терезелеріне құлап кетуден сақтайтын механизм орнату да міндеттеледі. Ал ескі мектептер ерекше бақылауға алынбақ.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
30 жылдан астам пайдалануда, эксплуатациядағы білім авариялық жай күйіне әрбір 5 жыл сайын зерттеп, зерделеуге, бұған дейін бұндай нәрсе болған жоқ, сейсмикалық қауіптің өңірлерде орналасқан білім беру ұйымдарының сейсмикалық орнықтылығын зерттеп қарауға, қатысты өкілеттіліктер қарастырылған.
Күнделік КЗ енгізілгелі үй тапсырмасы мен бала үлгеріміне қатысты ақпаратты тегін алу мәселесі де жиі көтерілетін. Жаңа құжатта бұның да шешімі бар. Заң жобасында Күнделік КЗ тегін болады деген норма бар. Құжат мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.