Моңғол империясы мен Алтын орда дәуіріндегі Ертіс өңірі
Торайғыров университетінде «Моңғол империясы мен Алтын Орда дәуіріндегі Ертіс өңірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында тарихшылар мен өлкетанушылар өңірдің тарихи мұрасын талқылап, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдеріне қатысты деректермен бөлісті. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай кездесулер ел тарихын тереңірек танып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді.
Жошы ұлысының (Алтын Орданың) тарихи мұрасын және қазақ мемлекеттілігінің дәстүрлерін ілгерілету жөніндегі медиа-жоспарды іске асыру аясында Торайғыров университетінде «Моңғол империясы мен Алтын Орда дәуіріндегі Ертіс өңірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ғылыми пікірталастың негізгі тақырыбы – Моңғол империясы мен Алтын Орда дәуіріндегі Ертіс өңірінің тарихи ерекшеліктері.
Дөңгелек үстелге Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Павлодар облысының мемлекеттік архивінің және С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қатысты. Спикерлер өзара пікірталасып, тарихи деректермен бөлісті. Шараның негізгі тұжырымдамасы – Алтын Орда құрылымындағы Ертіс өңірінің тарихын қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы тұрғысынан талдау еді.
Самал Қадиқызы