Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметке бастар жол

Мемлекеттік қызметке бастар жол

Павлодарда жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде жаңа оқу басталды. Жоба жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйреніп, осы саладағы жұмыс тәртібімен танысуға мүмкіндік береді. Қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, болашақ мамандығына қажетті дағдыларды да меңгереді.


Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – белсенді әрі білімді жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған жоба. Мектептің мақсаты мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарды ерте кезеңнен бастап даярлау. Жобаға қатысушылар осы саланың ерекшеліктерін түсініп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды біле алады.

Мемлекеттік қызметке орналасудың тағы бір жолы – жоғары оқу орнын жақсы аяқтап, білім көрсеткіші арқылы іріктеуден өту. Биыл грант арқылы 31 студент жұмысқа орналасқан. Қатарында 21 жастағы жас маман бар. Ол үшін бұл – алған білімін іс жүзінде қолданып, кәсіби тәжірибе жинауға берілген мүмкіндік.

Мектепке қатысқан жастар мемлекеттік қызметтің күнделікті жұмысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады. Олар үшін мұндай тәжірибе мамандық таңдауда да маңызды.

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жастарға мемлекеттік басқару жүйесін жақынырақ танып, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға көмектеседі. Мұндай бастамалар білімді әрі белсенді түлектердің әлеуетін ашуға, олардың еңбек жолын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.


Сабина Жолдаспаева



Бөлісу