Жолдау: стратегиялық шешімдер кезеңі
Мемлекет басшысының Жолдауын Торайғыров университетінің оқытушылары мен студенттері тыңдады. Ғылым ордасының ұжымы жолдаудың стратегиялық маңызына тоқталды.
Жылда осы уақытта ел тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауын күтеді. Жолдаудан кейін, біраз дүние өзгеретініне, ел дамуы жаңа қарқын алатынына сенеді. Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталды. Торайғыров университетінде профессорлық-оқытушылық құрамнан бастап, студенттерге дейін Жолдауды көрді.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан осы мақсатқа шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. «Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосуға 1,5 трлн теңге қарастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Самал Қалиқызы