Екібастұз әкімі Сарықамыс округінің тұрғындарымен кездесті
Екібастұз ауылдық аймағы
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин ауылдық аймақ тұрғындарымен кездесуде. Сарықамыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында ауыл тұрғындарын мазалап отырған сұрапқтарға жауап беріп, елдімекендерді дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті.
Ауыл тұрғындары алдымен төрт түлікті кәсіп етеді. Тиісінше мәселер де осыған байланысты. Алда қатал қыс. Бұл мезгілді мал баққан халық қалай өткізеді? Ол жем-шөптің дайындығына байланысты. Екібастұз әкімі бұл тұрғыда айтарлықтай мәселе жоқ екендігін айтты.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Шиқылдақ жақтағы лимандарды қалпына келтіреміз деген жоспарымыз бар. Жалпы біздің жақта шөп тапшылығы жоқ қой. Жоқ дегенде сатып аласың. Баян, Май жақта Ертістің жағасынаг басқа жерде шөп жоқ. Тоғайдағы шөпке зәрі болып жүр. Сатып алаййын десе ала алмайды. Бізде құдайға шүкір. Қазір Шиқылдақ жақтағы лимандарды қалпына келтірсек тіпті жақсы блолып қаламыз. Сонда Ақкөл, Сарқамыс жақтағы лимандарға ешкім таласпайды.
Әр азамат өзі тұрған ауылдың, елдімекеннің заманауи игіліктерге қол жетімді болғанын қалайды. Бұл тұрғыда Сарықамыс округенде бірқатар шараларды атқаруды қажет етеді. Тұрғындардың тілегі алдымен көше жолдары.
Біздің ауылдың ішіндегі көшелерде асфальт жоқ. Шамамен 571 метрдей жолға асфальт керек. Көп жақсы іс жасап жатырсыздар әрине көп рахмет! Басқа ауылдарға да қарап жүреміз. Кіребесіс жолдары бар. Оған жарық тартылған. Бізге де сондай жағдай жасала ма екен?
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Жалпы ауылдардың, елдімекендердің арасындағы жолдардың біразын қалпына келтірдік. Енді қалғаны төртүй, Тай ауылдарына жол істеу қалды. Ол расымен қиын жол. Сондықтан, ол жалдарды қалпына келтіру керек. Келесі жылы бастаймыз деп отырмыз. Содан кейін ауылішілік жолдарды жалғастырамыз. Бұған дейін біраз жасадық. Ақкөл, Шідерті, Солнечный жасалды. Сосын кіші ауылдарға жетеміз.
Округке Сарықамыс және Қуандық ауылдары кіреді. 500 ге жуық тұрғыны бар.