Өңірімізде қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті
Павлодарда алғаш рет ҚР ІІМ қоян-қолтық ұрыстан чемпионаты өтті. Жан-жақтан келген 26 команда өзара мықтыны анықтады. Жарысқа полиция қызметкерлері мен ведомстволық оқу орындарының өкілдері қатысып, күш, жылдамдық пен әдіс-тәсілдерін сынға салды.
Қоян-қолтық ұрыста әр жекпе-жек төрт минутқа созылады. Бұл уақытта спортшылар қарсыласының шабуылына тосқауыл қойып, тиімді әдістерді қолдануға тырысады. Жарысқа 18 жастан асқан қатысушылар шықты. Белдесулер бекітілген ережелерге сай өтіп, спортшылардың қауіпсіздігіне баса мән берілді.
Алтынбек Тұрмаханов, Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы
Қоян қолтық ұрысы жақсы спорт. Себебі бұл сапалы спорт. Бұл жерде ұпайлар болады. Кейбір спортта ұпай болмаса, осында бар. Адамға қатты зардап жасауға болады. Ескерту алғандар бар. Тізе мен ішінен ұруға болмайды, басынан ұруға болмайды. Аяғымен бетінен тебуге болмайды. Линиядан шығуға болмайды. Запретный ударлар бар. Шынтақпен ұруға болмайды. Сондай қатаң ескертулер бар.
Чемпионатқа полиция департаменттерінің қызметкерлері мен ведомстволық оқу орындарының курсанттары қатысты. Олардың қатарында Павлодар облысының намысын қорғаған спортшылар да бар. Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Еркебұлан Маратұлы үшін спорт өмірінің ажырамас бөлігі. Ол күреспен бала кезінен айналысады.
Еркебұлан Егімбаев, Павлодар облысы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы
Спортпен айналысып жатқаныма 14 жастан бастадым. Қазір 19 жылдай болды күреспен айналыстым. Еліме, жеріме қызмет етемін. Спорт өмірілік таңдауым. Өзіме ұнайды.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен командалар марапатталады. Жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар табысталады. Мұндай жарыстар құқық қорғау қызметкерлерінің спорттық дайындығын шыңдап, кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева