Негізгі Жаңалықтар Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты бағыт

Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты бағыт

Мемлекет басшысы жолдауындағы басты бағыт – халықтың әл-ауқатын арттыру. Ол үшін біршама шешім қабылданып, нақты міндеттер қойылды. Осы орайда қандай игіліктер мен жаңа мүмкіндіктер іске аспақ? Келесі сюжеттен көрейік!


Президент Жолдауында көтерілген мәселелер халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Осы мақсатта қабылданған маңызды шешімдердің қатарында ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру да бар. Бұл бастама еңбек адамдарын ерекше қуантқаны анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялаулы ұсынды. Оның аясында аймақтарда азаматтық инфрақұрылым нысандары жөнделіп, жаңалары салынады; оған қоса жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысы қолға алынады.

Бұл ауқымды бастамалар халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қолжетімді ету және осы іспетті өзге мәселелердің өзектілігін көрсетеді. Ал өзгерістердің игілігін әрбір азамат күнделікті өмірінде сезінеді.


Жұлдыз Қабылденова


Бөлісу