Негізгі Жаңалықтар Өрт қауіпсіздігі — баршаға ортақ жауапкершілік!

Өрт қауіпсіздігі — баршаға ортақ жауапкершілік!

Успен ауданы


Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасайтын әлеуметтік қызметкерлерге профилактикалық дәріс өткізді. Онда не айтылды? Әлеуметтік қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі мәселесінде орыны қандай? Тілші баяндасын.


Кездесу барысында құтқарушылар улы газ датчигі іске қосылған кездегі әрекет ету тәртібін түсіндіріп, пешпен жылыту жүйесін қауіпсіз пайдалану, мұржаларды уақтылы тазалау және жылыту құрылғыларының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру ережелерін еске салды. Ауданның шалғай елді мекендерінде қызмет алушыларға күтім көрсететін әлеуметтік қызметкерлер іс-шараға Zoom бейнеконференциясы арқылы қатысты. Зиянды газдан уланудың алдын алуда әлеуметтік қызметкерлердің рөліне ерекше назар аударылды. Өйткені олар өз қамқорлығындағы азаматтарға тұрақты түрде барып, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын дер кезінде анықтай алады.


Тілекжан Галямов, Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы


«Сіздердің әлеуметтік міндеттеріңізге жалғыз тұратын, көмекке мұқтаж азаматтарға күтім жасау, соның ішінде пеш жағуға көмектесу де кіреді. Жылыту маусымы басталғалы бері осындай төрт оқиға тіркелді, оның екеуі Успен ауданында орын алды. Соның бірі 22 қазанда болды.»


Осындай форматта ұйымдастырылған іс-шараның арқасында бірде-бір әлеуметтік қызметкер назардан тыс қалмай, қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат барлық қатысушыларға жеткізілді.



Бөлісу