Облыс әкімі қаланы аралады
Бұдан бөлек, облыс әкімі Павлодарда салынып жатқан жаңа мектепті аралап, жолдарды жөндеу жұмыстарымен танысты. Шаһарда асфальттау жұмыстары неге күз келіп басталды? Тілшіміз айтсын.
Сонымен қатар, облыс әкімі Асайын Байханов Усолка шағын ауданындағы №49 мектептің қазіргі жай-күйімен танысып, оқушыларды қабылдауға дайындығын тексерді. Білім беру мекемесі республикалық «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатыр.
Ғимараттағы кабинеттер, асхана, акт залы мен спорт залы сияқты негізгі бөлмелер дайын. Қазір жұмысшылар қабырғаларды әрлеп, қалған жабдықтарды жеткізіп жатыр.
Айта кетелік, нысан 2027 жылдың басында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтарды аралады. Торговая көшесінде 2 шақырымнан астам жол асфадльтталды. Жалпы құны 391 млн теңгені құрайды.
Сонымен, арнайы экономикалық аймақта да жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Самал Қалиқызы