Бұл аудан орталығындағы қазандық. Нысан биыл күрделі жөнделді. Сондай-ақ жылу беру желісі ұзарып, үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазандықтарды жөндеу үшін бюджеттен 50 млн теңге бөлінді.
Ерқанат Серікбаев, Железин ауданы нақты экономика секторы бөлімінің басшысы:
Жеке секторда қосымша 14 үй орталық жылумен жабдықталды. Жалпы аудан бойынша 5 орталықтандырылған қазандық жұмыс істейді. Әлеуметтік нысандар және көп қабатты тұрғын үйлер бұл пеш арқылы жылынады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 21 шақырым. Айта кетейік жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді.
Райхан Мағзұмова 46 жыл Железин ауданында тұрады. Ол жылда қыс мезгілінде үйін көмір тасып, ағаш жарып жылытатын. Өркениеттің игілігін көрген аудан халқы риза.
Райхан Мағзұмова, Железин ауданының тұрғыны:
46 жылда от жағып көмір тасып, ағаш тасып бейнет көргенбіз. Жас кезімізде түгелі елеусіз болды. Қазір жасымыз келгеннен кейін жолдасымның денсаулығы жоқ... осындай болса қыс бойы, біз ризамыз. Қазір көмірде қымбаттап жатыр. 1 тоннасы 20 мың. Мынау ай бойынша бізге бағасы доступно. Где то 13 мың общий 6 айға 75 мың төленеді общий. А так 4 тонна алсақ 80 мың уже кетеді.
Қазір 2-ші қазандықты жаңарту үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта бұл қолға алынбақ. Бұдан бөлек 3 пештің 2 қазандығы және 4-ші нысанның 3 жылытатын құралы ауыстырылады.
Әйгерім Тоқпанқызы