Павлодар облысында 1535 бала жетім қалған. Олардың басым көпшілігін туыстары мен жақындары асырап алыпты. Десе де 400-ден астам бала жетімдер үйін паналаған. 72 бала патронаттық тәрбиеге берілген. Облыстық кітапханада жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездескен Мәжіліс депутаттары бала асырап алуға қатысты заңға енгізілген өзгертулерді түсіндірді.

Толқын Сегізаева - 6 баланың анасы. Оның үшеуін асырап алған. Оларға тәрбиеп беріп, оқытып жатыр. Ана көңілін алаңдатқан бір мәселе бар. Ол жетім балалар үй кезегіне тұрған. Алайда, кезектің жақын арада жылжитын түрі жоқ.

Павлодар облысында 1535 бала жетім қалған. Олардың басым көпшілігін туыстары мен жақындары асырап алыпты. Десе 400-ден астам бала жетімдер үйін мекен етеді. 72 бала патронаттық тәрбиеге берілген. Жиында барысында бала асырап алған отбасыларға берілетін жәрдемақының аздығы да сөз болды.

Заңға енгізілетін өзгертулер бойынша бала асырап алатын отбасы мүшелерінің біреуі жұмыссыз болуы керек. Яғни, анасы не әкесі тек бала тәрбиесімен айналысуы шарт.

ВЕРА КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Бала асырап алған отбасының бір мүшесіне 70 АЕК көлемінде төлемақы төлеу қарастырылып отыр. Егер 2 баланы тәрбиеге алса, 140 АЕК көлемінде жәрдемақы алады. Бұдан бөлек балаларға ай сайын берілетін жәрдемақы да бар. Бұл бір балаға 10 АЕК-ті құрайды.

Ал бала асырап алатын отбасыларға қойылар талапта жоғары. Олар бала құқығын жақсы білуі тиіс. Оған жасалатын қамқорлыққа жауапгершілікпен қарайтын адам болуы керек.