Павлодарда шетелден көлік әкелген жүргізушілер шу шығарды. Айтуларынша, олардың «темір тұлпарларын» тәртіп сақшылары жүргізбей тастаған. Транзит нөмерлі көліктерді тоқтатып, шетінен айып тұрағына қойған. Бұған наразылық білдірген көлік иелері полиция департаментінің алдына жиналды.
Рамазан Серік – өткен жылы Моңғолияға барып, көлік әкелген. Тек осы уақытқа дейін темір тұлпарын толық рәсімдеп үлгермепті. Бұған утилдік алым мен алғашқы жарна қаражатының жоқтығы себеп болған. Алайда, осы жылдан бастап тәртіп сақшылары көлігін жүргізбей тастапты.
РАМАЗАН СЕРІК - КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
Транзит номермен 10 күннің ішінде учетқа қою керексің. Жүруге болмайды деп. Мен өзім август айында әкелінген машина болатын барлығы өз атымда. Соған дейін үндемей жүрді да жалғыз күнде ескертусәз қамады. Оған дейін заң 10 күн десе неге барлығын жүргізбеу керек еді. Әлі күнге дейін жүріп жатыр машиналар.
Павлодар облысында Рамазан секілді шетелден жоғары класты жаңа машина әкелген .... адам бар. Барлығының да басты мәселесі қазір көліктің жүруіне тыйым салынуында болып тұр. Тұрғындар шетелден келген темір тұлпарды 1 жылға дейін тіркеусіз жүруге болады деп түсінген.
НҰРБЕК ТӨРЕХАН, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
Сендерде страховка жоқ. Бірақ, бізде страховка бар. Нелегалная деп тұр да. Ол бізде базадан тьолық көрсетіп тұр. Как положно. Біздің атымызда мысалы. Павлодар облысында страховкамен жүргізбей жатыр қазір бізге.
ҒАЛЫМЖАН НҰРӘЛИЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
Утиль мен первичканың қымбаттығында болып тұр. Қазір менің машинама есептеп бергені бойынша 2 млн 800 мың болып тұр. Ондай ақша пока жоқ бізде қойып алатын. Біздікі уже легално кіріп границадан. Растоможка өткен жартылай енді. Утиь мен перичикасын төлеп, номер алу ғана қалып тұр да.
Ал полиция департаментінің өкілдері осы жылдан бастап шетелден келген көліктерге қатысты заң күшейгенін айтады. Бұған транзит номерлі көліктердің көбейгені себеп болған. Олардың қатысуымен жол көлік оқиғасы да арта түскен.
Легализация жүріп жатты ғой сол кезде сіздерге ешкім тиіскен жоқ. Легализация біткенне кейін мына жұмыс басталды. Плотому что машина өте көп.
БАУЫРЖАН МАҚАШЕВ - ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРОЦЕСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес номері 862 транзит номер белгілері 10 күн жарамды. Осы 10 күннің ішінде машина барып тіркеу керек. Одан асса автокөлікті пайдалана алмайды. Жүруге болмайды.
Осы түйткілге қатысты «AMANAT» партиясының облыстық филиалына тұрғындардан 70-ге жуық шағым түскен. Облыстық мәслихаттың депутаты көлік жүргізушілерін қабылдап, мәселесін тыңдады.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Осы мәселе бойынша өтінішпен келді. Біз полиция басқармасының өкілдерін шақырдық. Әкімдік өкілдері келеді осы жерге Сол бір алаңда жиналып түсіндірме ақпараттық жұмыстар жасап, заң жүзінде қалай көмектесуге болады. заң жүщзінде қалай мәселелерін шешун болады қарастырмақшымыз.
Шетелден келген көліктердің елімізде жүруіне қатысты депутаттар Ішкі істер министрлігіне сауалхат жолдайтын болды. Ал әкелінгеніне 10 күннен асқан темір тұлпарлардың жүруіне рұқсат жоқ. Көлік иелері 1 жыл ішінде көлігін рәсімдеп үлгеруі керек. Ал ережеге бағынбай темір тұлпарын тізгіндеген жүргізушілер көлік басқару құқығынан 6 айға айырылмақ. Немесе қомақты көлемде айыппұл арқалайтын болады.
Өзгеріс Қуанар, Арман Якубов ЕА.