Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай оларға құрмет көрсету шаралары жалғасуда. Биыл аймақтық «жас кадеттер» сайысы осы мерекеге орайластырылды. Онда ең мықты жас сарбаздар өз өнерлерін көрсетті. Біздің түсіру тобы жарысты тамашалады.

Әскери-қолданбалы қысқы спорт түрлерінен дәстүрлі жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен жас кадеттер жиналды. Республикалық «Айбын» байқауында облысымыздың намысын қорғау үшін 15 мықты команда өзара тартысқа түсті .

Байқаудың мақсаты айқын. Жастарды жауынгерлік машыққа тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке үндеу. Ардагерлер рухына тағзым ету.

Ал, біз өздеріне деген сенімділік пен қайсарлықты жоғалтпай, алдағы республикалық жарыстардан жүлде алып келеді дегенге сенеміз.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш, Медет Карим, ЕА