Биыл облыс орталығында «Спорт сити» кешені маңында көркем гимнастика мектебі салынады. Қазір құрылыс нысанның ауданы анықталған. Жер мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталмақ. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Қала шетіндегі «Жастар» ауданы маңында құрылыс жұмыстары қарқын алмақ. Бұл ауданда үйлер салынып, спорттық нысандар бой түземек. Солардың бірі көркем гимнастикаға арналған жаттығу мектебі. Қазір құжатты әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба мақұлданғаннан кейін, қаражат бөлінбек. Құрылыс жобасымен өңір басшысы Асайын Байханов танысты.

Замануи нысанда 3 үлкен зал болмақ. Ғимарат «Спорт-Сити» спорт кешенінің аумағында тұрғызу жоспарланған. 350 адамды қабылдауға қауқарлы. Жоба құны 6 млрд теңге.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы 7633 шаршы метрдің жаңағы 3 залдың қанша сонда? Қалғаны қосымша бүкіл ғимарат 18 метр бола ма? Әлде ортасы ғана ма? Жаттығу залдары тапалдау болады. Ортасындағы жарыс өтетін зал 18,6 метр материл құралдары панели монолитное страение болады.

Заманауи ғимаратта халықаралық жарыстар өткізуге әбден лайық болмақ. Құжаттары реттеліп, қаражат бөлінгеннен кейін нысан 15 айда бой көтереді.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЕА