Баянауылда қысқы туризм дамып келеді. Қазір демалыс аймақтары көбейіп, әр мезгілді қамту мақсатында жұмыс атқаруда. Толығырақ тілшіміз әңгімелесін.
Жаз айларында Баянауыл ауданына демалуға 200 мыңға жуық турист келеді. Еліміздің інжі маржаны Баянауылда қысқы туризмде дамып келеді. Мәселен Мырзашоқы тау шаңғы курорты көпке танымал.
Мырзашоқыдағы аспалы жолының ұзындығы 1300 метрге дейін жетеді. Тіпті тауға еркін шығу мүкнідігі жасалған. Демалыс орны бір мезетте 800 адамды қабылдай алады.
Айта кетейік, Баянауыл еліміздегі Топ-10 демалыс орындарына кіретін, табиғаты бойынша ерекше орын.
БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНАН