Павлодар сорғы станциясында жабдықтарды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Екі сорғы қондырғысы бір жарым есе қуатты түріне ауыстырылып, апаттардың алдын алу үшін электр сорғысы қайта құрылған. Жөндеу жүргізілген сорғы стансасын облыс әкім көріп қайтты.
Былтыр 21 маусымында электрмен жабдықтаудың технологиялық бұзылуы салдарынан қаланың басым бөлігі сусыз қалғаны есімізде. Станцияда ағымдағы жөндеу жұмыстары жыл сайын, ал соңғы күрделі жаңарту 2019 жылы жүргізілген еді. Қалпына келтіру аясында өз қорғанысы бар электроник қозғалтқыштары басқару шкафтары, тірек тораптарындағы негізгі клапандар ауыстырылды. Бұл мақсатқа шамамен бір жарым миллиард теңге жұмсалған.
Александр Скороходов, Оңтүстік су қабылдау цехының бастығы
Өткен жылы электр қуатынсыз қалдық. Себебі құрылғылар ескірген еді. Қолайсыздық сол себепті болды. Қазір шетелік сапалы қондырғылар орнатылды. Заманауи, сапалы, қуатты құрылғылар. Планшетте қозғалтқыштардың жұмысының барлық көрсеткіштері толық көрсетіледі. Егер кенеттен электрмен жабдықтауда қандай да бір мәселе туындаса, біз басқа желіге ауысып, жұмысты жалғастырамыз. Қала бұл жайлы тіпті байқамай да қалады. Агрегата.
Станцияда үнемі кезекші электромонтер мен машинист болады. Қажет болған жағдайда жөндеушілер бригадасы қосылады. Станция Ертістен су алып, оңтүстік су айдынына жөнелтеді, онда судың бір бөлігі тазартуға кетеді, ауызсу өндіріледі, ал екінші бөлігі транзитпен 1- ЖЭО на, Қазақстан Алюминийіне және басқа да кәсіпорындарға жеткізіледі. Аймақ басшысы келеңсіз жағдай енді болмауы керек деді.
Бұдан кейін облыс әкімі Асайын Байханов аквапарк құрылысына барды. Жоба 2017-жылы басталған еді. Алайда, құрылыс жұмыстары тоқтап, әлі күнге дейін аяқталмай, созбаққа салынып келеді. Мұның да өз себебі бар екен.
Замнаауи аквапарк сағатына 400 балаға дейін қабылдай алады деп жоспарланған. Яғни, күніне үш жарым, 4 мыңға дейін адам осында уақытын сапалы өткізуге мүмкіндік алмақ.
Бұдан соң Асайын Байханов "Жылу түтін камерасы" заманауи оқу-жаттығу кешенінінің ашылу салтанатына қатысты. Кешеннің қалай жұмыс істейтіндігін тексерді. «Жылу-түтін камерасы» - бұл өртті сөндіру, түтін ортасында жұмыс істеу дағдыларын пысықтау және жоғары температура жағдайында адамдарды құтқару бойынша практикалық жаттығулар өткізуге арналған бірегей мамандандырылған нысан. Бұл нысан ғана емес жалпы облыста тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзге де шаралар атқарылуда.
Өрт қауіпсіздігі сапасын арттыру жолында жасалу тиіс жұмыстардың бірі өрт сөндіру ғимараттарын жөндеу.
Облыс әкімі аралап көрген жаңа кешен төтенше жағдайлардың нақты жағдайларын имитациялайтын заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды даярлау деңгейін едәуір арттыруға, сондай-ақ өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жанасыл Серікбол