Павлодарлықтарды үй-күйсіз жүргендердің көбеюі, көшеде ілінген баннерлердің сауатты жазылуы, коммуналдық сұрақтар алаңдатады. Дәл осындай мәселелермен олар облыстық прокуратурамен ұйымдастырылған қабылдауға барды.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облыстық прокуратурасымен Естай атындағы мәдениет сарайының алаңында азаматтарды қабылдау болды. Шаһар тұрғындары мемлекеттік орган өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, кеңес алды.

Қарлығаш Нұрғалиқызы, Павлодар қаласының тұрғыны

Түрлі баннерлер ілінеді. Оны балалар, болашақ ұрпағымыз көреді ғой. Сұрайды. Тәуелсіз Қазақстанда жақсы үгіт насихат жұмыстары болғанын қалаймын.

Қала әкімінің орынбасарынан бастап, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығ, тұрғын үй инспекциясы, білім беру бөлімі мен денсаулық, экология басқармалары және құқыққорғаушылар, прокурорлар азаматтарды қабылдады.

Людмила Скрипник, Павлодар қаласының тұрғыны

Біз Баян батыр 3 көшесінде тұрамыз. Біздің жақта үй-күйсіз жүрген жандар толып кетті. Жылу желілері өтетін жерде қыста тұрады, құбырлардың сыртқы қабатын жұлып тастаған. 2019 жылы прокуратураға жазғанбыз. Келіп көмектеседі, бірақ кейін үйсіздер тағы толып кетеді. 30 жыл болды осы мәселеге. Келдім, көмектесеміз деді.

Дәстүрге айналған кездесу осы жолы «Заң және тәртіп» концепциясы шеңберінде өтті. Мақсат билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайта түсу.

Алмас Қаткенов, Павлодар қалалық прокурорының орынбасары

Кездесудің басты мақсаты құқықтық мәдениетті арттыру, құқықтық жедел көмек көрсету, органдардың басын біріктіріп, күшін жұмылдырып, құқықтық көмек көрсетіп, кездескен проблемаларға шешім табу. Иә, жылда ұйымдастырылады. Осындай кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрады.

Бірнеше сағатқа жалғасқан қабылдауда тұрғындардың бәрі сұрақтарына жауап алды, кейбірі жеке қабылдауға жазылып жатты.

Самал Қалиқызы