«Е-өтініш» жүйесі арқылы 5 айда облыс азаматтарынан 47 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Олардың басым бөлігі коммуналдық сұрақтарды қамтиды. Толығырақ тілші сюжетінде.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.
Қуандық Жұмалин, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы
Осы е-өтініш арқылы арыз жазу үшін. Авторизация жасағаннан кейін онда органдардың бәрі шығады. Мемлекеттік органдар, құқыққорғаушы органдары, квазимемлекеттік органдар қосылған.
Осылайша жүйеде автоматты түрде тиісті органдардың атауы шығады.
Қуандық Жұмалин, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы
Осы жылдың алғашқы 5 айында Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің деректеріне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардан 47 162 өтініш келіп түскен. Оның ішінде «e-Otinish» сервисі арқылы 35 745 өтініш берілген, бұл жалпы өтініштердің 76%-ын құрайды. Ал 11 417 немесе 24% өтініш тікелей қағаз түрінде тапсырылған.
«Е-Otinish» арқылы өтініш беру ыңғайлы. Себебі мемлекеттік органға бармай-ақ, кез келген смартфон немесе планшет арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік бар. Сонымен, жергілікті атқарушы органдарына – 21 290, полиция органдарына – 5 000, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалына – 4 019, мемлекеттік кірістер органдарына – 3 702, әділет органдарына – 3 654, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына – 3 259 өтініш келіп түскен.
Қуандық Жұмалин, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы
Бізде үш қала бар ғой. Үш бөлімді айт аламын. Алғашқысы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі, екіншісі әлеуметтік қызмет және үшіншісі тұрғын үй инспекциясына жүгінеді. Сумен қамту, жер қатынастары сұрақтарымен жүгінеді.
Азаматтардың бұл сервисті белсенді пайдалануына басты себеп – өтініштің қаралу барысын қадағалау мүмкіндігі. Жауап дайындап жатқан жауапты тұлғаны көру, алдын ала жауап жобасын тыңдау, толықтырулар енгізу және үйден шықпай-ақ түпкілікті жауап алу мүмкіндігі бар.
Самал Қалиқызы