Павлодарда жаңа, заманауи романның тұсауы кесілді. Жас жазушы Жантас Еркіннің «Жақыныңды жоғалту» кітабына осы аттас роман және бірқатар көркем әңгімелер топтастырылған. Тұсаукесер шарасына «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы ұйытқы болды.
Павлодарлық әдебиетшілер, зиялы қауым өкілдері жаңа кітаппен танысу үшін облыстық кітапхана төріне жиналды. Баршасы кітап жайлы пікірге құлақ қоюға, оқығандары ой айтуға асықты. Алдымен салтанатты түрде тұсауы кесілді.
Серік Елікбай, Қазақстан жазушылар одағының Павлодар облысындағы өкілі
Мен романды үш-төрт күн отырып оқып шықтым. Дәл қазір жақсы, жаман деп баға беруге болмайды. Бірақ, басқаша екені анық. Сосын бір басқаша көзқараспен. Сөз бағу деген, сөзді кейіпкерлерді жоғалтып алмау, кейіпкерлердің ыңғайына жығылу, роман деген өте қадірлі қиын дүние.
Жиналғандар ішінде кітапты осы уақытқа дейін оқып, танысып келген қаламгерлер өз ойларын ортаға салды. Жаңа заманның жаңа ұрпағы айтқысы келген ойды көпшілігі бірден аңғарған. Туындының жаңашылдығын да байқаған.
Айбек Оралхан, ақын
Жастығына қарамастан үлкен тақырыпқа барып отыр. «Жақыныңды жоғалу» романы бұл философиялық ой-толғамдарға толы. Экзистенциналаститік идеяларға басымдық беретін романның кейінгі жазып жүрген жастардың ішіндегі жарқын үлгісі деп сеніммен айта аламыз. Кітаптағы шағын әңгімелерінің де тақырыптары сан алуан.
Автордың өзі де Кафка бастап, Камю мен Сартр жалғаған адам жанының бостандығы идеясын өзіне бағыт етіп алғандығын айтты.
Жантас Еркін, жас жазушы
Мен өзім абсурдизмді және экзистенцинализмді сүйіп оқыдым. Зерттедім. Сондықтан да осы бағытта, осы философияда роман жазу көптен бері ойымда жүрген. Абсудрдық театрдың, эпикалық театрдың прозадағы үлгілері бар. Қазақ әдебиетінде Бертольд Брехттың театрын проза үлгісіне салған ешкім жоқ шығар. Сонысымен жаңа, сонысымен ерекше шығар.
Кітап мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп атқарған «Жаңа Қазақстанның әдеби панорамасы» жобасы аясында жарық көрді.
Жанасыл Серікбол