Естай атындағы мәдениет сарайында «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға кітап авторының бірі Санжар Керімбай қатысып, павлодарлық жұртқа мемлекет және қоғам қайраткерінің өмір және қызмет жолы жайында тың деректермен бөлісті.

Өзбекәлі Жәнібек – төл мәдениетіміздің өркен жаюы жолында аябай қызмет еткен, алаш арыстарының есімінің қайта аталып, ұлттық құндылықтардың жаңғыруына зор үлесін қосқан азамат. Жаңа туынды осы тұлғаның мәдени майдандағы еңбегін жұртқа тынытуды мақсат еткен.

АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР

Қазақтандыру мен қазақтану мәселесі бойынша үлкен әңгіме болғалы тұр. Сондықтан, бүгін қоғамымызда материалдық құндылықтан гөрі рухани құндылық керек болып жатқан кезде, бұлақтың көзі бізде бар Павлодар өңірінде. енді соның көзін ашу үшін, рухтандыру үшін, соның тынысын кеңейту үшін біз бүгін Санжар Керімбайдың мәнді де мағлұматты, құнды дәрісін. тыңдауға келгеніміз үшін жұртшылыққа алғысымды айтқым келеді.

Кітаптың таныстырылуына келген оқырмандардың қатарында студенттер мен оқушылардың қарасы қалың болды. Шарадан жастар жаңа ақпарат алып, рухтанып қайтты.

АБЗАЛ РЫМБЕК, СТУДЕНТ

өте жақсы тарихи оқиғалардан мысал келтірді және Өзбекәлі Жәнібек өмірі, оның атқарған істері жайында көптеген таңсық мәліметтер, мағлұматтар көп айтты. өте... жаңа ақпараттармен таныс болдық

Өз кезегінде Санжар Керімбай Павлодарлық оқырмандарға белсенділіктері үшін алғысын білдірді.

САНЖАР КЕРІМБАЙ, ЖАЗУШЫ

Оқырмандардың бәрі кітаппен танысқан, подкасттар көрген. Осылайша, олар кітаптың презентациясына өз еріктерімен келіп, автормен жолығайық, сөйлесейік, танысайық деп 500 адамдық залды аузы-мұрнынан шығарып толтырып жіберді. жалпы Павлодардың абыройын асқақтатып кетті халық. Атмосфера өте жақсы болды. Аудитория өте ықыласты болды. Соған байланысты «тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады» деп біз де көсіле сөйледік. Сондықтан, сіздерге рақмет айтамыз

Рухани құндылықпен сусындаған жергілікті жұртшылық кітап авторына сый-құрмет көрсетіп, тұлғаны таныстырудағы еңбегі үшін алғысын білдірді.