Биыл халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлдары Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл. Осыған орай қалалық кітапханада еске алу кеші өткізілді. Шараға батырлардың ұрпақтары қатысып, жиналған қауымға жылы естеліктерін айтты.

Биыл жеңіс туын желбіреткен Рахымжан Қошқарбаев пен Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толады. Осынау мерейлі датаға орай Қорғаныс істер жөніндегі департамент қалалық кітапханамен бірлесе отырып, еске алу кешін өткізді.

Шараға тарихшылар, ардагерлер мен батырлардың жақын туыстары да шақырылды. Жиын барысында олар халық қаһармандарының ерлік жолын баяндап берді. Сағадат Нұрмағамбетовтің күйеу баласы қайын ағасының адамгершілігіне тоқталды.

  Жиын барысында сөз алған тарихшылар рейстахқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев туралы тың ойларымен бөлісті.

Еске кешінде жастарға қос батыр туралы деректі фильм көрсетілді. Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағанбетовтің өмір жолы, қызметі туралы кеңінен әңгіме өрбіді.

Өзгеріс Қуанар