Күзгі дала жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн. Себебі кішкентай ұшқын өртке айналуы мүмкін. Железин ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мамандары егістік алқаптарында жүрген жұмысшылармен кездесіп, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын таныстырды.

Шаруалар алдында астықты дер кезінде төкпей-шашпай жинап алумен қатар егістік алқапты көздің қарашығындай сақтау міндеті тұр. Бұл орайда жем-шөп жинау науқанына қатысатын еңбеккерлерді өрт қауіпсіздігі нұсқауынан өткізіп тұрғаны абзал. Техниканың барлығы алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен жабдықталуы тиіс.

Бақтияр Ильясов, Железин ауданы ТЖБ бастығының м.а.

Егін жинау кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды. Шаруалар өнімдерін жинап теріп қана қоймай, терін төгіп өсірген азықты өрттен қорғау тиіс. Бұған қатысты барлық тұлғалар ең алдымен өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият танысып, қолдану керек. Сондай-ақ, ең бастысы техника ұшқын сөндіргіш құралмен жабдықталған жөн.

Бұл күні мамандар егістік алқабындағы техниканың жай күйімен танысты. Жадынама таратты. Өрт тілсіз жау, айтып келмейді. Оны болдырмаудың бірден бір жолы – алдын алу.

Әйгерім Тоқпанқызы