Павлодар облысында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және жер қатынастары бөлімдерінде мемлекеттік қызметкерлер саны жетіспейді. Жалпы 9 ай ішінде қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді. ТОлығырақ келесі сюжетте.
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 4 083 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41 жас, орташа еңбек өтілі – 12 жылдан асады. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 2 538, яғни 69,4 пайыз болса, оның ішінде 534-і басшылық лауазымдарда. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің 88,3% жоғары білімді. Осы ретте агенттік мемлекеттік қызметшілердің жұмысына мониторинг жүргізіледі.
Асхат Искендиров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы:
Департамент қоғамдық ұйымдармен бірлесіп қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау жүргізеді. Жыл басынан 90-ға инспекция жүргізді. 20 заңбұзушылық анықталды. Осындай жұмыстарда кемшіліктер анықталған. Әкімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Павлодар облысында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электрондық түрде ұсынылады. Бұл жақсы көрсеткіш. Одан бөлек, әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысында 52 мәселе, оның ішінде 20 тәртіптік іс қаралды. Кеңес ұсынысы бойынша 4 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды.
Асхат Искендиров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы:
Мемлекеттік қызметте әйелдердің санының басым екені анық. Біріншіден, әйелдер бір орында ұзақ отыра алады. Қызметін көп ауыстырмайды. Ірі қазыналық, статистика департаментінде және сот әкімшілігінде көбі әйелдер. Ер адамдар көбінесе тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, энергетика саласында еңбек етіп жүр.
2024 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы бос орындар саны 424 бірлікті құрады. Департамент басшысының ақпаратынша, соңғы жылдары облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде мамандар тапшы.
Самал Қалиқызы