Екібастұз қалалық ауруханасына 75 жыл. Осыған орай салтанатты шара өтіп, аурухана ұжымының дәрігерлері марапатталды.
Екібастұз қалалық ауруханасына 75 жылдық тарихында көптеген қиындықтарды да, қарқынды даму жолдарын да бастан өткерді. Бүгінде 400 -ге адам еңбек етеді. Биыл 11 жаңа жас маман еңбек жолын осында бастапты. Ауруханаға 148 мың адам тіркелген. Оларға 23 бағыт бойынша медициналық көмек көрсетіледі.
Шара аясында аурухана ұжымына, ардагер дәрігерлерге құрмет көрсетілді. Адам жанының арашашылары Екібастұз қаласы әкімдігінің және қалалық мәслихаттың арнайы құттықтауларына ие болды.
Шара аясында өнерпаздар ән тарту етіп, ақ халатты жандарға алғыс молынан айтылды.
Жанасыл Серікбол