Қазіргі заманда іс бастап, кәсіп ашуға біздің елде барлық жағдай жасалған десек қателеспейміз. Мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау түрлері көп. Несие беру, субсидиялау жылдан жылға жеңілдеп келеді. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар қаласында еуропалық форматтағы арзан хостел ашылды. Қала қонақтарымен түрлі жағдайға тап болған шаһар тұрғындары осында келіп, енді түней алады. Іші таза, жарық, жуынатын және ас бөлмесі бар. Әкімшіліктің сөзінше, мында Ресейден, еліміздің басқа қалаларынан іссапармен келген азаматтар көп тоқтайды екен.

Рената Аукенова, компания өкілі:

Бір бөлмеде екі адамнан сегіз адамға дейін қона алады. Ас бөлмесінде адамдар өздері тамақ әзірлейді. Біздің ұйым тамыз айынан бастап жұмыс жасайды. «Даму» қорының қолдауымен міне осындай шағын қонақ үй хостел ашылды. Несие 8 пайыздық мөлшерлемені құрайды. Жалпы хостелде түнеп шығу үшін тәулігіне 5500 теңге, ал 12 сағатқа 4 мың теңге төлейді.

Жалпы, хостел 26 орынға шақталған. Мында құжатсыз, мас күйінде келген күдіктілерге кіруге тыйым салынады. Қонақүй алдымен сапаға мән береді. Айта кетейік, жоба «Даму» қоры арқылы қолдау тапты.

Ал, 2022 жылы Павлодардағы металл конструкцияларын жасайтын зауыт та қор арқылы біраз жұмыстарды қолға алды. Кәсіпорын металлқұрылымдармен Қазақстан мен жақын шетелді қамтып отыр. Зауыттың жобалық қуаттылығы соңғы жылдары 1,5 есеге артқан, яғни өткен ғасырдың 60 жылдары 10 мың тонна металлқұрылым жасалса, қазір көрсеткіш осыған жақындап келеді деді, зауыт директоры.

Арғын Шарифканов, «иммтальком Павлодар металлқұрылымдары зауыты» ЖШС директоры:

2022 жылы «Даму» қоры арқылы құралдарды жаңартуға 800 млн және өндірісті модернизациялауға 350 млн алдық. Жалпы сомасы 1 млрд 150 млн теңге. Осы қаражатқа 18 жаңа заманауи құрал-жабдықтар сатып алдық. Цехтар қапталды, цехтарға жылыту жүйесі өткізілді. Жарықтандыру жүйесі жаңарды. Құралдарды автоматтандырып, шығаратын өнімді сапасын жақсарттық.

Зауытта қазір 100-ге жуық адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта өнеркәсіпті кеңейтіп, шығаратын өнім түрін көбейту жоспарланып отыр.

Арсен Дүйсекин, «Damu» қорының поф директоры:

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 71 млрд теңгеден астам сомаға 932 жоба мақұлданды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы, транспорттық қоймалар, өңдеу өнеркәсібі бағыты жақсы қолдау тауып отыр. Субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесіне өзгерістер енгізілді.

Сонымен, «Даму» қоры арқылы соңғы 10 айда «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде жалпы сомасы 48,4 млрд теңгеге 495 жоба бойынша субсидиялауға қол қойылды.

Самал Қалиқызы