Павлодар мен Ақмола облысы арасында «Ертеңі жарқын, еңселі Республикам» атты жыр додасы өтті. Ол өнердің айтыс, жыр,терме, дәстүрлі ән, күй түрлерін қамтыды. Шара туралы толығырақ тілішіміз тарқатады.
Павлодар мен Ақмола облыстарының дәстүрлі өнер өкілдері арасында өткен дода тартысты болды. Қос аймақтың өнерпаздары күмбірлеген күй, әуелеген ән, тағылымды терме, жыр толғау және айтыс бағыттары бойынша өзара сынға түсті. Бұл мегажоба, жалпы 4 кезеңнен тұрады. Финалға тек 2 облыс өтіп, жеңімпаз команда анықталатын болады. Бастама қорытындысы келер жылы маңғаз Маңғыстау төрінде өтеді деп жоспарлануда.
Аманжол Әлтай, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы төрағасының бірінші орынбасары:
Бұл ұлттық өнерімізді өркендетуге, дамытуға бағытталған жоба. Қазақтың қанына сіңген бес өнердің басы қосылған. Айтыс, жыр, терме, дәстүрлі ән, күй өнері 1 кезеңге бүкіл аймақтан 20 команда қатысады, сол 20 командадан жеңімпаз болған 10 команда келесі кезеңге өтеді. Ақмола не Павлодар облысының біреуі келесі кезеңде басқа обылыспен шығады.
Алдымен екі өңірдің жас буындары таныстыру кезеңінде бақ сынады. Ертіс-Баян өңірі ақындарын Жанель Қисатова «Майра» әнінің нақышына сала отырып, таныстырды.
Жанель Қисатова, «Шабыт-Мерей» байқауының лауреаты:
Менің тәлімгерім өзімнің анам, ұстазым, дәстүрлі әнші, термеші Салтанат Қисатова. Бірінші байқауым ол Астанадағы «Шабыт-Мерей» 2020 жылы өтті. Мен осы байқауда бас жүлде алып, лауреат атандым. Осы сырнай асбабымен, бірінші әнім Майраның әні «Майра»
Ақмола облысының намысын қорғағандардың бірі Құрметхан Құралхан. Дәл осы өнерде жүргеніне 10 жыл болған, додада «түре айтыс» бойынша алғаш рет қатысты. Оның қарсыласы жерлесіміз, белгілі ақын Рауан Қайдар болды.
Құрметхан Құралхан, айтыскер (Ақмола облысы):
Біздеде кешегі Көкен ақсақалымыздың салып кеткен жолы бар. Одан кейін Құдайберлі, Баянғали, Арман ағамыздардан кейінгі шығып жатқан буындар жаман емес. Нәтижелер көросетіп жатыр, біздің топта осал деп айта алмаймын
Командалық жекпе-жекте «сүре айтыс» түрі де болды. Мұнда ақындар тақырыпты ашып, Республиканың бүгіні мен ертенің кеңінен жырлауы керек.
Мұхамед Қоңқаев, айтыскер (Ақмола облысы):
Сүре айтыс басқа айтыстардан қарағанда ауқымы кең. Оған кең тынысты ақындар шығады, бұл жерде қарсыластың қарабасына тиісу ғана емес, бұл жерде елдік мәселе көтеріледі. Екі ел болғаннан кейін ынтымақ-бірлікті жырлау керек.
Жыр додасына өңір жұртшылығы да көптеп жиналды. Айта кетейік, бәсекеде Павлодар облысының командасы жеңіске жетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Қымбат Садық