«Достық» үйінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Өнерлі өрге жүзер» атты ән байқауы өтті. Байқауда оннан аса қатысушы бақ сынады.

Бұл - байқаудың облыстық кезеңі. Бір ғана жеңімпаз таңдалып республикалық кезеңде бақ сынайды. «Мың бала» жобасы 2015-жылдан бері өткізіліп келеді. Жоба мемлекеттік тілді дамытуды, қолданыс аясын кеңейтуді және ұлттық мәдениетті насихаттауды көздейді.

Қатысушылар қазақ тілінде әр түрлі әндерді айтты. Төрешілер вокалдық мәнерімен қоса, тілінің тазалығына да баса мән бермек.

Сонымен қатар, 5-қыркүйек күні өткен диктант байқауының жеңімпаздарын марапттау рәсімі де осы шара аясында жоспарланған.

Жанасыл Серікбол