Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды. Павлодар қаласында мамыр айынан бастап 16 жастағы жігіт, есірткі таратумен айналыса бастағаны анықталды. Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін айтты.

Жас жігіт ең алдымен кураторынан қаптамалар туралы ақпарат алғанын мойындады. Содан кейін жасырын жерден 223 грамм синтетикалық есірткіні алып, қаптамаларға орап, сатқан.

Ирина Темірғалиева, полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы:

Мамыр айында жас жігіт есірткімен айналысуға шешім қабылдады. Куратордан ақпарат алып одан кейін жас жігіт 223 есірткіні алып кетті, оны орап қаптамалар ақылы сатуды жоспарлады.

Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Сабина Жолдаспаева