Екібастұздық ерлі-зайыпты Асылбек пен Қанағат Қожановтар көпбалалы жас әкеге баспана сыйлап, қол ұшын созды. Осылайша «Ашық жүрек» атты жаңа жоба бастау алды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Нұржан Құсайынов өткен жылға дейін әйелімен бірге тұрып, 4 баланы тәрбиелеп отырған еді. Отбасы шаңырағы бір сәтте шайқалып, кейіннен сот үкімімен балалары анасымен қалады. Алайда анасы оларға дұрыс қарамай, әкесі балаларды өз қамқорлығына алады. Жас жігіт басында туысымен тұрып, кейіннен баспана жалдаған. Қайырымды жандардың арқасында көпбалалы әке үйлі болды.

Нұржан Құсайынов, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Маған көмектескен Асылбек аға менің ең жақыныма айналды. Өзімнің туған ағамдай көремін.Оның көмегімен баспаналы болдым, өте қатты қуаныштымын. Алғысым шексіз.

Бұған дейін көпбалалы әкеге әлеуметтік төлемдер толығымен рәсімделіп отырған. Екібастұздық кәсіпкер Асылбек пен оның жұбайы Қанағат Қожановтар осы жігітке көмек беруді шешкен. Баспанада жиһаз бен тұрмыстық техника да бар.

Қазіргі таңда балалардың алды 2-сыныпта оқиды, ал үш бала балабақшаға барады. Жас әке жұмыс істейді. Айта кетейік қайырымды шара «Ашық жүрек» жобасы аясында іске асты.

Қымбат Садық