Павлодарда Республика күніне және «Майдан жолы» павлодарлық іздеу-зерттеу жасағының 15 жылдығына орай ТМД елдері іздестіру жасақтарының халықаралық форумы өтті.
Шара екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады. ТМД елдері іздестіру жасақтарының мұндай ауқымды халықаралық форумының басты мақсаты -посткеңестік елдердің іздестіру және патриоттық ұйымдарын біріктіру. Олардың ынтымақтастығын арттыру.
Александр Дяченко, Өскемен қаласындағы Ресей ынтымақтастығы басқармасының вице-консулы:
Бұл жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған маңызды шара. Іздеу қозғалысының еңбегін бөлек атап өту керек. Өйткені, сол кезде хабарсыз кеткен ерлердің есімін қайтару керек.
Тәжірибе алмасу, тарихи жадыны сақтау және соғыс кезінде хабарсыз кеткендерді іздеу мәселелерін талқылау үшін әртүрлі елдерден іздеушілер келді.
Армангүл Ташекенова, Еуразиялық Инновациялық Университеті Жоғарғы колледжінің директоры:
«Майдан жолы» жасағымен 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Меморандумға қол қойып, біздің колледж базасынан жас іздеушілер жасағы құрылды. Қазір олар әр түрлі экспедицияға қатысып жүр.
«Майдан жолы» іздестіру-зерттеу тобы Павлодарда 2009-жылдан бері жұмыс істейді. 15 жылдан бері павлодарлық еріктілер соғыста қаза тауып, ұмытылғандардың есімдерін қайтарып, ұрпақтарына майданнан оралмаған туыстарының тағдырын білуге көмектесуде.
Александр Шитов, «Майдан жолы» іздеу-зерттеу жасағының командирі:
15 жылдың ішінде Ресей, Беларуссия, Украина, Молдоваия сияқты елдерде экспедициялар жүргіздік. 321 сарбаздың сүйегін тауып, қайта жерледік. Ондаған ескерткіш орнатылды. 7 жауынгердің сүйегін елге жеткіздік.
Форумға қатысушылар тәжірибе алмасып қана қоймай, Отан қорғаушылардың майдандық тағдырын белгілеу бойынша әдістемелік әзірлемелерімен таныстырды.
Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова