Бүгін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні. Осыған орай Павлодар қаласының оқушылары, студенттері мен жас ұстаздары Торайғыров оқуларында бақтарын сынады. Толығырақ келесі сюжетте.
Биыл жерлесіміз Сұлтанмахмұт ТОрайғыровтың туғанына 131 жыл. Ақынның қазақ әдебиетінде қалдырған мұрасы мол. Осыған Торайғыров оқулары орайластырылды. Ол осымен 15-ші жыл қатарынан өтіп отыр. Биыл қалалық кезең 4 бөлімнен тұрды.
Мейрам Нұғыман, Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі:
Осы шығрамлар аясында Дарынды балаларды анықтау, осы мақсаттар аясында түрлі тапсырмалардан өтеді. Бірінші поэмалардан үздік оқиды. Викториналық сұрақтарға жауап беру.
Викторинада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қатысты 40 сұрақ болды.
Темірлан Ермек, Павлодар қаласы қ.мақпалеев атындағы жоббм мұғалімі:
Өзім Баянауыл тумасымын. Оның өмірі мен шығармашылығын жатқа білеміз деп айта аламыз. Сайыста 4 бағыт ретінде алынды. Рух беру мақсатында айтып отыр.
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық сайысына 18 адам қатысып, бағын сынады.
Айта кетейік, Торайғыров оқулары әдеттегідей екі күнге жалғасады. Ертең қатысушылар Сұлтанмахмұттың жеріне барып, өлкесімен танысады.
Мейрам Нұғыман, Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі:
Ертең 29-ы ауылына барамыз. Музейіне барамыз. Бұлжымас ережесі, жалғасатын болады.
Сайыстың мақсаты - Торайғыров шығармаларын насихаттау, әдебиетке жақын жастарды анықтау.
Самал Қалиқызы