«Таза бұлақ» жастар қоғамдық бірлестігі мен балалар экология орталығының тәрбиеленушілері «Алғашқы ұстаз» ескерткішінің аумағына 6 түрлі ағаш отырғызды. Оған 500 мың теңгелік грант септігін тигізген. Толығырақ алдағы сюжетте.
Павлодар қаласының еріктілер ұйымдары және белсенді топтары арасында шағын гранттар конкурсы өткен еді. «Таза бұлақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Таза қала» бағытында жеңімпаз атанып, 500 мың теңге грант ұтып алды. Ағаш отырғызу грант есебінен төленді. Жобаға экомектеп те қосылып, алғашқы ұстаз саябағының аумағына түрлі ағашттар отырғызды.
Ақмарал Исин, «Таза бұлақ» ҚБ мүшесі:
Бұл ағаштар өте сирек кездеседі. Олар амбур барқыты, долана, көпіршік тау гүлі т.б Өзіміздің орталық болғандықтан, өзіміз өсірген ағаштар болған соң және мұғалім болғаннан кейін осы аумақты таңдадық.
Ағаш отырғызу – қоғамға пайдасы зор бастама. Қоршаған ортаны қорғау ісіне тигізері мол. Мұндай бастаманы жастар да қолдайды.
Лунара Нұрмағамбетова, балалар экология орталығының тәрбиеленушісі:
Мен жас экологпын. Мұндай ағаш отырғызуды қолдаймын. Өйткені біз сияқты жасөспірімдер, жастар қолға алу керек. Өйткені ағаштар қоршаған ортаға әсер етеді. Бұл қаланың көркі деп санаймын.
Қаланың көркі жасыл желек. Айта кетейік, мұнда ағаштың 6 түрінің 20-дан астамы отырғызылды.
Қымбат Садық