Баянтау спорт сарайында, еркін күрестен КСРО Спорт шебері Амантай Сапарғалиұлы Аймағамбетовке арналған дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа Павлодар облысының аудандарынан және басқа өңірлерден келген 160 жас балуан қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Бұл қалалық ашық турнир он тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Турнирге еліміздің әр өңірінен жиналған болашақ чемпиондар қатысты.

Ермырза Сыздықов, Павлодар облысының еркін күрес бойынша жаттықтырушысы:

Бүгін міне Амантай Сапарғалиұлының жарыс өтіп жатыр еркін күрестен. Ұлдар және қыздар арасында. Осы жарысқа 160 спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 35 спортшы қыз балуандары. Осы жарысымыз жылдан жылға өсіп жатыр. Болашақата әлем чемпионы болады деп ойлаймын.

Амантай Аймағамбетов - алғашқылардың бірі болып «КСРО Спорт шебері» атнаған. Қазіргі таңда спорт ардагері турнирге де қатысады. Ақсақал, спорттың бұл түрі жасөспірімдер арасында танымал болып келеді дейді.

Амантай Аймағамбетов, спорт ардагері:

Еркін күрестен қыздар арасынан 19 рет республикалық жарыс өтіп жатыр. Оған ел ордасы Астана Көкшетау Семей Қостанай Өскемен одан басқа да біздің аймақтың балалары күресіп жатыр. Ішімнен қуанып отырм. үлкен жетістітерге жетуге үміттеніп, жастарға жол беріп жатырмын. Әрқашан жолымыз ақ, ісіміз оң жанымыз жайсан тек қана жақсылық болуға нәсіп етсін.

Спорт ардагері спортшыларға батасын берді. Кейінен турнир соңында жеңімпаздар марапатталды.

Сабина Жолдаспаева