Павлодар облысында мемлекеттік қызметтің 9 млнға жуық түрі қызмет көрсетіліп, 6 мың заңбұзушылық анықталған. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы қандай? Алдағы сюжеттен көрейік.

Өңірде мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласына тиесілі екен. Сонымен қатар, азаматтардан жоқ анықтамалар немесе мүлдем құжаттар талап етілетін фактілер бар.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдар, халыққа қызмет көрсету орталығы мен БАҚ өкілдері де қатысты. Мұндай отырыстар ай сайын өткізіледі.

Асхат Искендиров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы:

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әр облысында осындай шарлар жиі өткізіледі, бұл бізге қойылған басты талап деуге болады. Себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапсын барынша арттыру керекпіз.Бүгін сондай кезекті отырыста тұрғындардан келіп түскен маңызды сұрақтарды қараймыз, заңбұзушылықтар болатын болса анықтаймыз

Отырыс барысында белгілі бір мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері, олардың құны және оларды алу үшін қажетті құжаттар пакеті туралы айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратына жіберіледі.

Қымбат Садық