Мопедпен жол көлік апатына ұшыраған 16 жастағы жасөпірімге ауыр ота жасалды. Жамбасы төрт жерден сынған. Колледж студенті енді бір жыл бойы оңалтудан өтеді. Жалпы Облыстық балалар ауруханасына дәл осындай диагнозбен айына кем дегенде бір науқас түседі екен.

5 қазанда Облыстық балалар ауруханасына көп жарақаттармен 16 жастағы жасөсіпірім түсті. Ол ауылда мал қарап жүріп, мопедпен жол көлік апатына ұшыраған. Содан жағдайы ауыр күйінде медициналық мекемеге жеткізілді.

Анаргүл Аймаханова, Ата-Ана:

Өте ауыр жағдайда болды. Қолы, аяғы сынып осында жеткізілді. Бірінші күні операция жасады. Операция аяғына 14 күні жасалды.

Осылайша баланың 4 жерден сынған жамбасына 4 сағаттық ота жасалды. Ауыр операция жоспарлы түрде жүргізілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында қаржыландырылды. Құны 500 мың теңге. Дәрігерлердің сөзінше, дәл осындай диагнозбен Облыстық балалар ауруханасына айына кем дегенде бір науқас түседі екен.

Мирхат Иргебаев, облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Ауыр жағдайда түсті. Диагнозы политравма. Айтқандай кейін, 10 күннен кейін жасадық. Жағдайы стабильный. Пластинаны Алматыдан алдық. Жамбасы 4 жерден сынған. Сосын сынып, синтез жасадық. Жағдайы қазір жақсы.

Енді 1 жарым айдан кейін емделушінің аяғындағы гипс алынады. Ал, науқастың толығымен оңалтудан өтіп, аяққа тұрып кетуіне 1 жылдай уақыт кетеді дейді дәрігерлер.

Самал Қалиқызы