Өңірде біренеш тәуліктен бері қара толассыз жаууда. Қаланы ақ ұлпа қардан тазарту жұмыстары қалай атқарылуда? Қандай техникалар жұмыс істеуде? Тілшіміз біліп көрді.

Қазіргі таңда қалада қар тазалау, шығару жұмыстары қарқын алған. Бұл мақсатта 170-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қардың толаусыз жаууына байланысты қазіргі уақытта Павлодар қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Көшелерде 170-ден астам арнайы техника жұмыс жасауда, оның ішінде 80 жүк көлігі, 40 жүк тиеуші көлік, 12 құмсыз шашатын және 45 сыпырушы техника жұмыс жасап жатыр. Бұл жұмыстар бұл жұмыстар қоғамдық көліктің қызметін қамтамасыз ету үшін ең алдымен негізгі көшелерде атқарылуда. Одан кейін екінші қатарлы көшелерге, яғни қосалқы көшелерге ауысатын болады 00:56

Ал, 200-ден астам адам аялдама павильондары мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалайды. Айта кетейік, қыс басталғалы 275 мың тонна қар шығарылған.

Қымбат Садық